Асханада асылып тұрған жерінен табылған: Арстан Алайға қатысты жаңа дерек айтылды

Oinet.kz 05-01-2024 1810

"Қыс болмайды" сөзі арқылы танылған Арстан Алай өз-өзіне қол жұмсаған. Бұл туралы Қырғызстанның құзырлы орган өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі 24.kg-ге сілтеме жасап.

Screenshot_6.jpg

"Арстанбек Әбділдаев (Арстан Алай - еск) өз-өзіне қол жұмсады", - деп жазылған жазаны өтеу қызметі мәліметінде.

Ведомство мәліметінше, 5 қаңтарда сағат 05.15 шамасында жазаны өтеу қызметінің №31 арнайы емдеу-түзеу мекемесінің асханасында айыпталушы Арстанбек Бейшеналиұлы Әбділдаев асылған күйінде табылған.

Сонымен қатар, Октябрь аудандық соты Арстанбек Әбділдаевқа қатысты 2023 жылғы 16 желтоқсаннан 2024 жылғы 15 қаңтарға дейін Бішкектің уақытша ұстау изоляторына қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдаған. Бірақ 2023 жылғы 28 желтоқсанда психиатрдың ұсынысы бойынша айыпталушы №31 колонияға "нақтыланбаған психиатриялық бұзылыс, галлюцинация" диагнозымен ауыстырылған.

"29 желтоқсанда №31 колонияға келгеннен кейін Арстанбек Әбділдаев дәрігерлерге мезгіл-мезгіл жүрек уруы, бас ауруы, құлақтың шуылы, асқазанның ауруы (тамақ ішкеннен кейін) секілді шағымдарымен жүгінді. Тексеріс қорытындысы бойынша алдын ала диагноз жасалды: нақтыланбаған психотикалық бұзылыс, жүрек ауруы, өте қауіпті гипертония. Диагнозды нақтылау үшін кардиолог, гастроэнтеролог және психиатр дәрігерлер комиссиялық тексеріс жүргізу қажет екені туралы шешім қабылданды. 5 қаңтарда сағат 4.52 шамасында Арстанбек Әбділдаев колонияның асхана бөлімшесіне кіріп, 5.15-те асылған күйінде табылды", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, ведомство мәліметінше, мәйітті тексерген кезде дене жарақаты табылмаған. Өлімнің нақты себебін анықтау үшін комиссиялық сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Айта кетейік, Арстан Алай былтыр желтоқсанда ұсталғаны белгілі болды. Оның үстінен Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 330-бабы "Діни араздықты қоздыру (алауыздық)" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қамауға алуға және қылмыстық іс қозғауға Алайдың әлеуметтік желілерде, кітаптарында "діни және дінаралық араздықты қоздыруға үндеу жариялағаны, діндарлығы негізінде азаматтардың жеке басын насихаттайтыны" туралы ақпарат негіз болған. Кейін оның қамауда қалғаны айтылды.

Арстан Алай 2011 жылдың аяғында "Қыс болмайды" деп айтқан кезде танымал болды. 

"Күлесіңдер, бірақ кейін бәрі расталады. Қыс болмайды, Батыста су тасқыны болады. Көресіңдер, сосын күлесіңдер", - деген еді ол баспасөз мәслихатында.

Енді тек қолма-қол ақшамен сауда жасаймыз ба? - Маңызды сұрақтардың жауабы
Әлемдегі ең қымбат футболшылар рейтингі жарияланды - Мбаппе жиырмалыққа да енбеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу