«Қыз қорлық көрген»: 8-сынып оқушысы мектепте атыс шығарып, кейін өз-өзіне қол жұмсаған

Oinet.kz 07-12-2023 4418

Ресейдің Брянск қаласындағы мектептердің бірінде атыс болып, қауіпсіздік күштері ғимаратты қоршауға алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Атысты 8-сынып оқушысы жасаған. Алдын ала мәлімет бойынша, 8 "А" сынып оқушысы биология сабағында, гимназияның төртінші қабатына көтеріліп, кеңсеге кіріп, оқ жаудырған. Бойжеткен төрт оқушыны жаралап, кейін өз-өзіне қол жұмсады.

Ресейлік БАҚ қыздың әкесіне тиесілі мылтықтан оқ атқанын хабарлайды.

Mash Telegram-арнасының хабарлауынша, атыс жасаған сегізінші сынып оқушысы мектепте қорлық көрген. Бүгінгі қайғылы оқиғаға бірден бір себепкер осы болуы мүмкін. Себебі 8-сынып оқушысы жігіттерге қарай оқ жаудырған.

"Атыс биология сабағында болды. Алина қаруын алып, оқ жаудырған сәтте балалар партаның астына тығылмақ болды. Мұғалімдер қызды ақылға шақырғысы келді, бірақ ештеңе шықпады. Алинамен бірге екі адам қаза болды. Тағы төртеуі жарақат алды", - деп жазады Mash.

«Күнде басымнан тебеді»: Ұлттық ұлан сарбазы әскерде күн сайын таяқ жейтінін айтты
Салтанат Нүкенова мен Қуандық Бишімбаев арасындағы кикілжіңінен хат алмасу скрині пайда болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу