Депутат өз сұрағына өзі жауап беріп мәжілістегілерді күлдірді (видео)
Депутат Мұрат Ергешбаев өз сұрағына өзі жауап беріп мәжілістегілерді күлдірді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгінгі Мәжіліс отырысында депутат өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа сұрақ қойды.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" заңда 10.3 бабы 2-тармағы 8-тармақшасында жергілікті атқарушы органдар, әкімшіліктер тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеуге және қаржыландыруды жүзеге асыруға құқылы" деген. Ал үйдің кіретін жағы, арт жағы қарастырылмаған екен. Сонда елдің бәрі "көзбояушылық, бет жағын ғана істеп, қалғанын қарамайсыңдар" дейді. Мына заңға өзгерістер келтірсе бола ма екен? Осы жерге сыртқы қабырғаларын деп қосса?", - деп сұрады депутат.
Шарлапаев "болады" деп қысқаша жауап берді.
Осы сәтте депутаттар күліп жіберді.
"Жоқ, ол болмайды. Себебі...", - деп депутат өз сұрағына өзі жауап бергендей болып қалды.
"Сіз өз сұрағыңызға өзіңіз жауап бердіңіз ғой. Сол өзгерістер "болады" деп жатыр ғой", - деп ескертті Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов.