Екібастұзда жоғалып кеткен 7 жасар қызды анасы танысымен бірге өлтірді деген күдікке ілінді

Oinet.kz 20-11-2023 1274

Екібастұзда жоғалып кеткен 7 жасар қызды өлтірді деп күдікке ілінгендер ұсталды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше анасы қызын өлтірді деп айыпталған.  

“Жедел-іздестіру және тергеу іс-шараларын жүргізу барысында кәмелетке толмаған 2015 жылы туған Давыдова Милананың белгісіз жоғалып кетуінің мән-жайлары мен себептері анықталды. Кәмелетке толмаған баланы өлтірді деген күдікпен полиция қызметкерлері қылмыс іздерін жасырған қыздың анасы мен танысын ұстады. Ұсталғандар қылмысын мойындады. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды”, – деп мәлімдеді полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Болат Нұрсейітов.

Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында мамандандырылған топ жұмыс істейді, оның құрамында Павлодар облысы ПД, прокуратура және Павлодар облысы әкімдігінің басшылары бар.

Айта кетейік, 17 қараша күні сағат 16.00 шамасында Қоянды ауылдық округіне қарасты Бесқауға ауылындағы мектептің 3-сынып оқушысы, 2015 жылы туған Милана Давыдова жоғалып кеткен. Ауыл тұрғындары оны соңғы рет ауылдан бір жарым шақырым жерде көрген. Бір тәуліктен қыздың мәйіті табылған еді.

Ашулы маймыл ер адамды кепілге алған
Астанада әйел адамның басына лифтінің темір конструкциясы құлап кеткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу