Қазақстандықтар «QosLike» пен «Қалаулым» бағдарламаларына тыйым салуды талап етті

Oinet.kz 02-11-2023 832

Қазақстанда QosLike және "Қалаулым" сияқты телебағдарламаларға тыйым салу туралы петиция пайда болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Петицияда жанжал мен басқа да келеңсіз әрекеттерге толы бағдарлама хайп пен рейтингіні арттыру үшін жағымсыз эмоция сыйлайтыны айтылған. 

"Бұл бағдарламалар қазақ отбасындағы салауатты қарым-қатынас нормаларына, адамгершілік пен құндылықтарға қайшы келеді. Жобаларда тәрбиелік, тағылымды, мағыналық, отансүйгіштік, адамгершілікті арттыратын, игі, жағымды идеялар, мақсат жоқ", - делінген мәтінде.

Петиция авторы мұндай шоулардың Түркиядан шыққанын, бірақ ол жақта тыйым салынғанын айтады. Бұл петицияны 100-ден аса адам қолдап үлгерген. Петиция кеше сағат 17:53-те жарияланған. 

Айта кетейік, Qoslike -Қазақстандағы реалити-шоулардың бірі. Онда жұбы жоқтар танысады.  

«Оның арқасында басқа кеншілер шахтадан шығып үлгерді»: Шахтада қаза тапқан кеншінің туыстары
«Басын тоңазытқышқа салып қойған»: Діни қызметкер әйелін айуандықпен өлтіргенx
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу