Қошанов депутат Мақсат Толықбайға ескерту жасады
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутат Мақсат Толықбайға ескерту жасады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Бүгін Мәжілісте "Халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру туралы" тақырыбында Парламенттік тыңдау өтіп жатыр.
Жиында "Қарызсыз қоғам" жобасының Түркістан облысының қаржылық сарапшысы Мақпал Ғабдул мәселенің өзекті екенін атап өтті.
Ерлан Қошанов сарапшының тәжірибесі маңызды екенін жеткізді.
"Мақпал елдің ортасынан келіп, қиын жағдайға түскен адамдармен жұмыс істеген", - деді ол.
Осыдан кейін Мәжіліс төрағасы депутатқа ескерту жасады.
"Депутат Мақсат Толықбай, асығып отырсаңыз, бара беруіңізге болады", - деді Ерлан Қошанов.