«Орындықты лақтырып, төбелесе бастадым»: Алматыда зейнеткер үйіне түскен ұрылардың сазайын берді

Oinet.kz 20-10-2023 1179

Алматы облысы Қонаев қаласында зейнеткер үйіне ұрлыққа түскен қарақшыларға тойтарыс жасап, сазайын берді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Еуразия арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

65 жастағы зейнеткер Гүли Авдинова жалғыз тұрады. Тұрғынның үйіне ұры түскен күні сіңлісі болған. 

“Есікті ашсам алдымда белгісіз бір ер адам тұр. Есікті қайта жауып үлгермедім. Қысып қалып өзіне қарай тартты”, – деді Гүли.

Ұры алдымен ақша сұрап қорқытып бопсалаған. Ал екіншісі ас бөлмедегі сіңлісін қылқындыра бастаған. Қауіпті түсінген зейнеткер бірден қарсы тұрған.

“Сіңлім әйтеуір қарақшыны тепкілеп, қысымынан құтылды. Ал мен онымен төбелесе бастадым. Орындықты алып лақтырдым”, – деп қосты Гүли.

Мұндай қарсылықты күтпеген ұрылар тездетіп әшекей бұымдарды алып, кері қайтуды ойлаған. 

“Қарасам кішісі есік жаққа қарай қаша жөнелді. Мені итеріп, аяғымнан тепті. Мен оның артынан қысып ұстап алдым да тоқтатпақ болдым. Сонда да ол құтылып шығып ,қашып кетті,” – деді тұрғын.

Ұрылардың әрекеті көше камераларына түсіп қалған. Олар әшекейлерден бөлек, әйелдер сөмкесін де ұрлаған. Жәбірленушіге 500 мың теңгедей шығын келтірген. Зейнеткер дәл сол күні полицияға арыз жазған. Алайда полицейлер әзірге арызды шағымдану фактісі ретінде қабылдаған.

Таразда қыз алып қашқаны үшін сотталған азамат көпбалалы әке болып шықты
«Одан да көп болуы мүмкін»: Түркістан облысында балабақша қызметкері 15 баланы зорлады деп айыпталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу