Түркістан облысында науқас дәрігерді пышақтап тастады

Oinet.kz 12-10-2023 974

Түркістан облысында науқастардың бірі дәрігерді пышақтап тастаған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Оқиға Сайрам ауданының Ақсукент кентінде болған. Полицияның мәліметінше, жеке клиникада пациенттердің бірі ультрадыбыстық кабинетте кезекте тұрғанда жанжал шығарып, рентгенолог-дәрігерге пышақ жарақатын салған. 

Кейін жәбірленуші ауруханаға жатқызылыпты. 

“Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу шықты. ҚР ҚК 106-бабының 2-бөлігі “Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру"  бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция ауданның 27 жастағы күдікті тұрғынын ұстады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Болған оқиғаның барлық мәнжайы анықталуда”, – делінген хабарламада.  

«Әкеңді өлтірдім, енді сені өлтіремін»: Ер адам бұрынғы әйелін бес сағат бойы аяусыз ұрған
Тоқаев қазақ тілін дамыту ісінде неге көңіл бөлу керегін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу