Жетісу облысында 15 жастағы оқушы қыз әпкесінің күйеуінен жүкті болып қалған
Жетісу облысында 15 жастағы оқушы қыз әпкесінің күйеуінен жүкті болып қалған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Кәмелетке толмаған қыз Талдықорған қаласындағы орта оқу орындарының бірінде оқиды. Дәрігерлер оның жағдайын білгенде, қыз екі жақтың келісімі бойынша өзінің туған әпкесінің күйеуімен жыныстық қатынасқа түскенін мойындады.
Жасөспірім қыз оқитын мектеп қыздың 4 жасында анасынан айырылғанын айтты.
"Анасының қазасынан кейін кейін әкесі екінші рет үйленіп, қыздың өгей шешесінен әпкесі болған", - деді мектеп.
Бұл ретте жасөспірім мектеп өміріне белсене араласып, жақсы оқиды. Мектеп оқушысының өзі көктемде босануы тиіс болған.
Айтпақшы, полиция оқиғаға қатысты тергеуді бастап та кетті.
"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама қорытындысын алғаннан кейін қылмыстық іс қозғау мәселесі шешілетін болады. Он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынасқа түсу немесе жыныстық сипаттағы өзге де іс-әрекеттер - белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.