Алматыда Назарбаев қорына қатысы бар мектептің 1-сынып оқушысы зорланды: Полиция тергеуді бастады

Oinet.kz 02-10-2023 992

Алматының беделді мектебіндегі бірінші сынып оқушысының зорлану фактісі бойынша тергеу басталды, деп хаабрлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Алматы полиция департаменті тергеу басталғанын мәлімдеді.

"Істің объективті мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде. Тергеу барысы ерекше бақылауда", – деді Алматы ПД бастығының бірінші орынбасары Нұрлан Алмасбеков.

Қылмыстық іс ҚК 121-бабының 3-бөлігі “Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері” бойынша қозғалды.

"Аталған факті бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады полиция қызметкері.

Алматы халықаралық мектебі Нұрсұлтан Назарбаев қорының құрылымында жұмыс істейді.

Бұған дейін желіде Алматыда мектептердің бірінде 1-сынып оқушысы зорланды деген ақпарат тарады.

Незаменимый помощник предпринимателя: как создать виртуальный счет для оплаты услуг и покупки
«Жан қинайтын ауыр жұмыс жоқ»: 50-ден асқан ер адам Америкаға көшіп, екі айда көлік алған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу