«Мәйітін спорттық сөмкеге салып, әжетханаға лақтырып жіберген»: Семейдегі 4 жасар баланың өлімі

Oinet.kz 26-09-2023 1211

Семейде күтушінің күйеуі төрт жасар баланың мәйітін жолдың бойындағы дәретханға лақтырып жіберген. Бұл туралы «НеМолчиKZ» қоры әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі. 

Screenshot_13.jpg

Қордың хабарлауынша, оқиға қыркүйектің басында болған.

Halyq Uni сайтының мәліметінше, анасы баланы күтушіге қалдырып кеткен. Қайтып келгенде күтуші баланың танысының үйінде екенін айтқан. Кейін баланың қайтыс болғаны белгілі болды

Күтушінің айтуынша, бала ұстамадан қайтыс болған. Күйеуі қылмыс ізін жасыру үшін сәбидің мәйітін спорттық сөмкеге салып, тасжолдың бойындағы әжетханаға лақтырып жіберген.

Қазір бұл іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Қазақстанда 21 жасқа дейінгі жастарға энергетикалық сусындар сатуға тыйым салынбақ
«Мақтан тұтамын»: Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Құранды өртеген адамды ұрған ұлын көрсетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу