iPhone 15 қашан шығады?

Oinet.kz 17-08-2023

iPhone 15 телефонының шығуына бір айдан аз уақыт қалған болуы мүмкін, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_7.jpg

Apple компаниясының жаңа өнімдерінің шығу уақыты әлі хабарланған жоқ, алайда Haitong Internation аналитиктерінің мәліметтеріне сай жаңа үлгілерді 23 қыркүйекте таныстырады. Басқа нұсқа бойынша, смартфон 10 күн бұрын таныстырылады, себебі АҚШ-та ұялы операторлар қызметкерлерін осы күндері демалыс алмауларын сұрап жатыр.

Смартфонның төрт үлгісі шығады деп күтіліп жатыр: iPhone 15, iPhone 15 Plus, iPhone 15 Pro және жаңа  iPhone 15 Ultra.

iPhone 15 Ultra Pro Max үлгісін алмастыруы мүмкін. Инсайдерлік ақпарат бойынша, үлгілер жаңа үш түсте ұсынылады: жасыл, ашық сары және алқызыл.

Инсайдерлік ақпарат бойынша, жаңа телефондар процессорларымен ерекшеленеді: Pro түрлерінде 3-нанометрлік Apple A17, ал базалық түрлерінде - былтырғы A16 болады.

Сондай-ақ жаңа iPhone Lightning-тен USB-C-ке қосыла алатын болады. Бұл 2024 жылы күшіне енетін ЕС жаңа заңдарына сәйкес болмақ.

iPhone 15 телефонының бағасы жайлы да сыбыстар көп. Forbes басылымының айтуынша, олардың бағасы біршама өседі. Аналитик Тим Лонг  iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max (Ultra) бағалары сәйкесінше 100 және 200 долларға өсетінін айтты.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/basty-zhaalytar-438/88967/

Күйеуіне тоқал сыйлаған әйел полициядан бір-ақ шықты (видео)
«Күйеуі өлтіруі мүмкін»: Әйел қатты жылдамдықпен келе жатқан көліктен секіріп қайтыс болған
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу