Желіде оқушы қыздың соққыға жығылған видеосы тарады (видео)

Oinet.kz 09-08-2023 1045

Ташкентте 18 жастағы қыз оқушыны соққыға жыққан. Оқиғаны қыздың достары видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Nova24.uz басылымына сілтеме жасап.

Screenshot_6.jpg

Әлеуметтік желіде оқушы қыздың соққыға жығылған видеосы пайда болды. Кадрлардан қыздардың біреуі екіншісін тізерлеп отыруға мәжбүрлеп, кейін құлатып, үстіне отырып бетінін ұрып жатқаны көрінеді.

Ташкент МІІБ жағдайды анықтаған. Ақпаратқа сәйкес, 20 шілдеде 18 жастағы қыз 17 жастағы оқушы қызды Чиланзар ауданына "арадағы кикілжіңді шешу үшін" шақырған. Әңгіме барысында қыз оқушыны ұрып, оны жерге құлатып, ұрып-соғуын жалғастырған. Оқиғаның видеосы Желіде тарап кеткен. Алайда жәбірленушінің туыстары да, өзі де полиция бөліміне арызданбаған.

Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтап, бұзақы қызды анықтаған. Дерек бойынша 183-бап ("Ұсақ бұзақылық") бойынша әкімшілік хаттама толтырылғаны айтылды. Құжаттар аудандық сотқа жіберілген.


Как выбрать видеокарту для работы, а не для игр
«Оның келесі құрбаны кім болады?» - Белгісіз ер адам көшедегі балақайларға «тиіскен»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу