«Жоспар құрған»: Әйел көңілдесіне күйеуін өлтіруге көмектескен
19 шілдеде Артемовск қалалық округі аумағындағы күзет бөлмесінен кеуде аймағында пышақ жарақаттары және басында көгерген жарақаттары бар 72 жастағы ер адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Primorsky.sledcom.ru сайтына сілтеме жасап.
Осы дерек бойынша Ресей Федерациясы Приморск өлкесі бойынша тергеу комитетінің тергеу органдары адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғаған. Жедел-іздестіру шаралары барысында қылмысқа 42 жастағы әйел, сондай-ақ жақында ғана түрмеден шыққан 46 және 37 жастағы екі ер адамның қатысы бар екені анықталғаны айтылды.
Тергеу мәліметінше, әйел жазасын өтеп жатқан 46 жастағы ер адаммен танысып, бостандыққа шыққаннан кейін онымен кездесе бастаған. Сотталып шыққан әйелдің көңілдесі зейнеткер күйеуінен қызғанып, оны өлтіруге шешім қабылдаған. Сыбайлас ретінде ер адам бірге жазасын өтеп шыққан танысын шақырған. Әйел күдіктілерге кісі өлтіруге көмектескен. Ол күйеуінің қайда жұмыс істейтінін көрсетіп, күдіктілермен жоспарларын талқылаған. 2023 жылдың 19 шілдесінде екі күдікті жәбірленуші ер адамның жұмысына келіп, қақпадан кіріп, өлтіріп кеткен. Кейін телефонын ұрлап кеткен.
Қазіргі уақытта ер адамға Ресей Федерациясы Қылмыстық кодексінің 105-бабы 2-бөлігі "ж" тармағында көзделген ("Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобы жасаған кісі өлтіру") бойынша айып тағылған. Әйелге Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 33 бабы 2-бөлігі "ж" тармағы ("Алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының кісі өлтіруіне қатысу") айыпбы тағылған.
Қазіргі уақытта барлық айыпталушылар қамауға алынғаны айтылды.