Павлодарлық әйел қызына «тиіскен» деп туысын айыптап жатыр
Павлодарлық әйел туысын қызына тиіскен деп айыптады, полиция қылмыстық тергеуді жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
"НеМолчиKZ" қоғамдық қоры әлеуметтік желісінде Павлодарда жас қызға туысы тиіскен деген хабарламаны жариялаған.
Шілденің басында павлодарлық әйел тоғыз жасар қызын туысының үйіне қонаққа қалдырған. Оған қоса, қызбен бірге үйде екі сіңлісі болған.
Қыз баланың сөзінше, мас болған әпкесінің күйеуі түнде оған жақындап, жағымсыз сөздер айтып, аяғынан сипап, тиіскен. Анасы бұл жағдайды білгеннен кейін полицияға жүгінген.
"Аталған факт 6 шілде күні тіркелген. ҚР Қылмыстық кодексінің 124-бабы 1-бөлігі (Жас балаларды азғындық жолға түсіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.
Қазіргі уақытта бірқатар қажетті сараптамалар мен тергеу іс-шаралары тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша күдікті адамға қатысты бұлтартпау шарасы туралы мәселе шешіледі.