Павлодарда жоғалып кеткен 25 жасар келіншек ағасына хабарлама жіберген

Oinet.kz 08-07-2023 5323

Павлодарда VITA отрядының еріктілері 25 жастағы Әсем Тайлақованы іздеуде, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Screenshot_5.jpg

Еріктілердің айтуынша, әйел 5 шілдеде үйден кетіп қалған. Бұған дейін ол ағасына суға батып бара жатқаны туралы телефон арқылы хабарлама жіберіпті. Содан бері қызды ешкім көрмеген, ол жұмыстан үйіне оралмады.

Бұл туралы жұбайы хабарлады. Қазір жұбайлар ажырасу сатысында екені белгілі. Ерлі-зайыптылардың екі кішкентай баласы бар.

"Бүгін іздеу барысында әйелді бейнебақылау камерасынан көре алдық. Жаяу Мұса көшесіндегі үйдің кіреберісінен шығып, ол дүкеннің жанынан өтіп, облыстық балалар ауруханасына қарай бет алды", – деді еріктілер.

Көрген-білгендерден полицияға хабар беру сұралады. Мұрнында қалы бар. Ол соңғы рет қызыл футболка мен қара шалбар киіп, өзімен бірге кішкентай қоңыр сөмке алып жүрген.

Атырауда әйелді екі баласымен бірге пойыздан түсіріп тастаған
Түркістан облысында тау басынан құлап кеткен 56 жасар азамат іздестіріліп жатыр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу