Екібастұз тұрғыны балабақша күзетшісін өлтірді деген күдікке ілінді
Екібастұз тұрғыны №20 "Мереке" балабақшасының күзетшісін жұмыс орнында өлтіріп кетті деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Жағдайға байланысты Павлодар облысының полиция департаменті пікір білдірді.
"Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы (Адам өлтіру) негізінде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қылмыс жасады деген күдікпен 30 жастағы әйел қамауға алынды", - делінген құқық қорғау органдарының ресми жауабында.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 19-бабы 1-тармағына сәйкес айыпталушы оның кінәсі дәлелденіп, соттың үкімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз болып саналады.