Павлодарда кәріз құбырынан шала туған шарана табылды
Жұмысшылар су жүрмей қалғандықтан құбырды ашып, ішінен бала денесін алып шықты. Павлодарда анасы уақытына ерте туған баласын көпқабатты үй әжетханасынан ағызып жіберген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.
Павлодарда көпқабатты тұрғын үйдің жертөлесіндегі кәріз құбырын тазалау кезінде шала туған шарана табылды.
Қылмыстық кодекстің 100-бабы «Жаңа туған нәрестені анасының өлтіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.