Нурлан Килишбеков: Көшелерді жөндеп, абаттандырып, атауларын қоюда кемшіліктерге жол бермеу керек
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Түркістан облысының № 26 округі бойынша кандидат Нурлан Килишбеков БАҚ беттерінде сайлаушыларға өз бағдарламасын түсіндірді.
Құрметті сайлаушылар!
Біздің басты мақсатымыз – Әділетті Қазақстан құру арқылы мен өзіме бірқатар міндеттер қойдым, оларды ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ретінде қызмет етіп шешуге бағытталатын болады.
Қала, аудандарда көшелердің дұрыс схемасы жоқ-барлық көше атаулары мен үй нөмірлері схемаға енгізілмеген, бұл поштаны тасымалдау және төтенше жағдайлар қызметтерін, атап айтқанда полиция, жедел жәрдем, өрт сөндіру қызметтерін шақыру кезінде үлкен қиындықтар туғызады, осыған байланысты аталған мәселені жуық арада шешілуіне ықпал жасау;
Барлық деңгейдегі жолдарды жөндеуден өткізуге және абаттандыруға, орталық көшелерді жарықтандыруға атсалысу;
Яғни аудандарда әлі күнге дейін ауылдарда көше атауларында кемшіліктер бар. Қазіргі ақпараттық технологиялар ғасырында көше атаулары мен үй нөмірлерін схемаға енгізбеу - заман ағымынан қалып кеткендіктің белгісі деп есептеледі. Біз мұндай ұят тірлікке жол бермегеніміз абзал. Осы орайда жүйелі түрде жұмыс жүргізу керек. Расында да түрлі жеткізіп беру қызметтері ауылға келгенде нақты мекен-жайды таппай әбден зәрезап болып жатады. Оларға ақпараттық көмек жеткілікті деңгейде берілмейді. Ауылдарды ұмыт қалдырмай, оларды заман ағымына сай қолдап, бүкіл көмекті ұсынғанымыз жөн. Ауыл адамы өзін көштен қалып қойғандай сезінбей, барынша ақпараттық тұрғыда қамтылғанын сезіне білгені өте маңызды.
Сонымен қатар ауыл көшелерін жөндеуден өткізу керектігі жиі мәселе ретінде көтеріліп жүр. Әсіресе қыстың аязды, көктемнің жаңбырлы күндерінде ауылдардағы топырақ жолдар балшық болып, тұрғындарға, көліктерге жүріп-тұруға зор кедергі келтіреді. Ауыл көшелері тұрғындардың көңілін көтеретіндей жарық, көркем болу керек. Сондықтан да көшелерді абаттандыруды мықтап қолға алған абзал.
Мен жоғарыда аталған барлық проблемалардың шешімін одан әрі іске асыра отырып дамыту жоспарын әзірлеуд жөн көріп отырмын.
Өз елінің нағыз патриоты ретінде сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне "нөлдік" төзімділік атмосферасын құруға және оның Қазақстандағы деңгейін төмендетуге, халқымыздың бірлігі мен ынтымағын нығайтуға ұмтылатын боламын, - дейді Нурлан Килишбеков.
Килишбеков Нурлан Перналиевич 1988 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданының Ақсукент ауылында туған. Ұлты қазақ. Білімі – жоғары. 2010 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «география пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2020 жылы Халықаралық гуманитарлық техникалық университетін «Музыкалы білім» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам ауданында «Сайрам Ақшам» телеарнасында журналист ретінде бастап, «Атаба» ЖШС-нің менеджері, Гуманитарлық педагогикалық колледжінде оқытушы ретінде қызмет атқарған.
2015 жылдан бастап, қазіргі уақытқа дейін Қ.Жандарбеков атындағы аудандық мәдениет үйінде маман бағдарлама әзірлеуші болып еңбек етуде.
Жарияланым ақысы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттығына Түркістан облысының № 26 сайлау округінен үміткер кандидат Нурлан Килишбековтың тапсырыс бойынша аумақтық сайлау комиссиямен республикалық бюджет қаржысы есебінен төленді