«10 сантиметр жарақат қалдырған»: Әкесі сабағын жақсы оқымаған 13 жасар ұлын қылышпен шауып өлтірді

Oinet.kz 17-02-2023 2014

Ұлын жалғыз тәрбиелеп отырған ер адам мектептегі төмен үлгерімі үшін оны самурай қылышымен өлтіріп, 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі South China Morning Post-қа сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

Мұғаліммен сөйлескеннен кейін ер адам 13 жасар ұлына қылышпен тап берген. Ол мұндай әрекетке баруына баланың оқу үлгерімінің төмендігі себеп болғанын айтады.

«Мысалы, дене шынықтыру пәні бойынша 100-ден 18 балл жинаған».

Ян Цзюньминнің айтуынша, ұлы тым жалқау, сабағын жақсы оқымаған. Жасөспірім барынша тырысқан, бірақ әкесінің баласына көңілі толмаған көрінеді.

«Мен қатты ашуландым, жапон самурай қылышымен ұлыма соққы бердім», – деді ер адам сотта.

Қылыш баланың беліне 10 сантиметрлік жарақат қалдырған. Жедел жәрдем 10 минутта келіп, баланы жақын ауруханаға апарды. Алайда екі сағатқа созылған шұғыл ота да баланы аман алып қала алмады.

Медициналық сараптама нәтижесінде баланың ұзақ уақыт бойы жарақат, өлер алдында бірнеше рет соққы алғаны анықталды.

Ұлым Теодорда 6 ұлттың қаны бар - Мақпал Исабекова
Сайлау оң өзгерістерге жол ашпақ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу