«3-Энергоорталықтың» берешегі жоқ»

Oinet.kz 09-02-2023 721

«Рейтинг» газетінің 1 ақпан күні жарыққа шыққан №4 санында  «Шымкенттің күні Машкеевичке қарап тұр» деген тақырыппен берілген мақалаға орай редакцияға ERG компаниясының корпоративтік коммуникациялар департаментінен жауап келді. 

Screenshot_3.jpg

Естеріңізге сала кетейік, аталған мақалада Шымкентті жылумен қамтамасыз етіп отырған «3 Энергоорталықтың» 2018 жылы миллиардерлер  Александр Машкеевич, Патох Шодиевке және марқұм болып кеткен Алиджан Ибрагимовке тиесілі  Eurasian Resources Group (ERG) тобына сатылып кеткені жазылған болатын.

- «3-Энергоорталық» АҚ тұтынған газ үшін төлемді уақытылы төлеп отыр. «ҚазТрансГаз» компаниясына берешегі жоқ.  «3-Энергоорталық» АҚ-ның бюджетке де берешегі жоқ. Компания барлық қаржылық міндеттемелерін уақытылы атқарып келеді. Одан бөлек, ERG-дің ауқымды инвестициялық бағдарламасы аясында 2019-2022 жылдар аралығында электр станциясы күрделі жөнделіп, 1 млрд. теңгенің жабдықтары сатып алынған,-деп жазылған хатта департамент қате кеткен ақпаратты түзетіп қайта жариялау өтініпті. Тіпті хат иесі редакцияға түсіністік пен өзара серіктестікке сенім артып, алдын ала алғыс та білдірген. 

Алайда мақалада «3-Энергоорталықтың» тұтынған газ үшін қарызданып қалуы 2018 жылға дейін, яғни кәсіпорынның жаңа иесі  ERG тобының меншігіне өткенге дейін орын алғаны, кәсіпорынның жаңа қожайыны қарыздардан тезірек құтылудың жоспарын жасап, сондай-ақ, электр энергиясын тиімді жолмен өндіру үшін құрал жабдықтарды жаңартуға инвестиция құймақ болғаны жазылған болатын. Материалдағы көтерілген мәселе осы жоспардың, міндеттеменің қаншалықты орындалғаны туралы еді. Шамасы, компаниядағылар мәтіннің мағынасын дұрыс түсінбеген сияқты.  

Десек те, компания өкілдерінің баспасөзде жазылған мақалаға түсінік беріп, кері байланыс орнатқан әрекетіне ризашылық білдіреміз. 

"Рейтинг" газеті, ақпан, 2023 ж

«Бақыт» деген ұғымды қалай түсінесіз?
Рынок недвижимости в Атырау: к чему готовиться в наступившем году?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу