«Қолынан ұстап өзіне тартқан»: Арқалықта балаларды аңдып үрейін ұшырған күдікті іздетірілуде
Арқалықта үйіне кетіп бара жатқан тоғыз және төрт жасар балаларды аңдыған белгісіз ер адам іздестірілуде. Оның ұлдың қолынан ұстап қалай өзіне қарай тартқаны видеоға түсіп қалған деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Ұл мен қыз үйлеріне келе жатқанда, олардың соңына белгісіз ер адам түскен. Ол балаларды тоқтатып, атын сұрап кейін ұлдың қолынан ұстап, өзіне тартқан. Күдіктенген әпкесі інісін тез арада өзіне қарай тартып, қаша бастаған.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, балалар ағылшын тілі орталығына қарай жүгірген. Ал ер адам жақын маңдағы үлкендерді көргеннен кейін ғана арттарын аңдуды доғарған. Күдіктінің кім екені, не үшін мұндай әрекетке барғаны белгісіз.
Ол қазір іздестірілуде. Дегенмен бұл іс бойынша полицияға ешкім арызданбаған.