Мамандар әлеуметтік желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертеді

Oinet.kz 01-02-2023 702

Әлеуметтік желілердер қазақстандықтарды қақпанына түсірмек болып жүрген алаяқтар көбейген. Олар тіпті жаңа айла да ойлап тапқан. Мысалы үшін, сізге бейтаныс адам жабық аккаунттан жарияланымыңыздың астына дөрекі пікір қалдырады. Ал сипаттамада фишингтік сайтқа апаратын сілтеме тұрады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі "Информбюро" жаңалықтар бөліміне сілтеме жасап.

Screenshot_7.jpg

"Бір жыл бұрын мүлде басқа едің, ал қазір саған не болған?" - әлеуметтік желі қолдаунышылары осындай пікірлерді көп байқап жүр. Әрине мұндай пікір адамның ашуына тиіп, оны кім жазғанын білгісі келеді. Алайда пікір жазған аккаунт жабық болып шығады. Ал сипаттамада сілтеме тұрады, қолданушы сілтеме арқылы фишингтік сайтқа кіріп, алаяқтардың құрбаны болады.

Фишинг сайты - деректеріңізді қалдыруды сұрайтын жалған интернет-ресурс. Мысалы, кез келген әлеуметтік желідегі сырттай ұқсас сайт және кіру үшін логин мен парольді енгізу керек. Егер сілтемеге өтсе барлығы бітті деген сөз, әлеуметтік желі бұзылып, сосын алаяқтар бар ақшаны оп-оңай сыпырып алады.

Сарапшылар ғаламтордағы әсіресе жедел мессенджерлерде жіберілген сілтемелерге кірмеуді ұсынады.

"Ешбір жағдайда бұл сілтемелерді басуға болмайды. Сіз оның алғашқы дереккөзіне толық сенімді болған кезде ғана өтсеңіз болады. Мессенджерлерде, Telegram, WhatsApp-та сілтемелерді ашпауға немесе компьютер арқылы инкогнито режимінде ашпауға кеңес берер едім", - дейді қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінің өкілі Дмитрий Акмаев.

Қазақстанда технологияның дамуымен қатар онлайн-алаяқтардың саны да артып келеді. Полиция департаментінің мәліметінше, былтыр 2 мыңнан астам интернет-қылмыс тіркелсе, 2017 жылы оның саны небәрі 90 болған.

"Алаяқтықтың негізгі түрі – "СБ банкі" деп аталатын қоңыраулар, олар Қазақстан азаматтарына телефон соққанда, өздерін Ұлттық банк қызметкерлерімен қатар құқық қорғау органдарының қызметкерлеріміз деп таныстырады. Сондай-ақ, соңғы уақытта инвестицияның атын жамылатындар көбейіп кетті, олар сізге әртүрлі нөмірлерден қоңырау шалып: "Міне, бізде мынадай жоба бар, қаражатыңыз көбейсін десеңіз біз салым салыңыз" деп арбайды", - деп түсіндіреді Алматы қаласы криминалдық полиция басқармасының ішкі істер бөлімінің аға уәкілі Еркебұлан Қойшыбаев. 

Сарапшылардың сөзінше, қаржылық алаяқтықтардың көпшілігі айла-шарғы жасау және алаяқтардың қысымы арқылы жасалады. Сондықтан сергек болып, жағдайды байсалды түрде бағалау және сымның арғы жағындағы адам кім болып көрінсе де, деректеріңізді, парольдеріңізді және SMS кодтарыңызды және ақшаңызды ешкімге бермеу маңызды.

Көкшетауда 25 жасар жігіт көпқабатты үйді жарып жібермек болды
«Жеңгесінің ұлына зорлық көрсеткен»: Атырауда бүтін бір отбасы әйелді соққыға жығып келген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу