«Жеңгесінің ұлына зорлық көрсеткен»: Атырауда бүтін бір отбасы әйелді соққыға жығып келген

Oinet.kz 01-02-2023 1206

Қазақстандық құқық қорғаушы Дина Таңсәрі Атырауда болған сұмдық қылмыстың бетін ашты. “NeМолчи” қорының жетекшісінің сөзінше, зәбір көрген әйелдің қайнысы оның ұлына зорлық әрекетін жасап келген, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_8.jpg

Таңсәрінің сөзіне сүйенсек, әйелді күйеуінен бөлек оның барлық туыстары соққыға жығып келген. Күш қолдану тіпті оның аяғы ауыр шағында да жалғасыпты. Ал анасы үшін қорыққан ұлы "көкесінің" тарапынан жасалған қысымды айтудан қорыққан.

"Оқиғаның толық мән-жайы тіпті адам шошырлық, бізге жіберген видеода бала өзіне көкесінің қалай тиіскенін көрсетеді. Ал әйел жасалған қысымға шыдамай өз-өзіне қол жұмсамақ болған, алайда дәрігерлер оны құтқарып қалыпты. Бірақ ауруханадан шыға салысымен қайта соққыға жығылған. Ұлы өзіне тіс жарып айтпағанымен, әйелдің өзі күдіктене бастаған. Нәтижесінде олар қорлықтан қашып шығып, полицияға арыз түсірді", - жеп жазды құқық қорғаушы.

Таңсәрінің айтуынша, әйел психологиялық тұрғыдан қатты шаршаған және заңгердің, психологтың көмегіне, материалдық қолдауға мұқтаж. 

"Күдікті әлі ұсталған жоқ!", - деп атап өтті ол.

Соңғы уақытта мұндай оқиғалардың жиілеп кеткеніне назар аударған құқық қорғаушы дер кезінде шара қабылдауға шақырады. 

Мамандар әлеуметтік желіде алаяқтықтың жаңа түрі пайда болғанын ескертеді
Шымкент орталығында көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің балконы опырылып түсті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу