Шығыс Қазақстан облысында анасы 2 жасар баласын үшінші қабаттағы балконнан құлатып алды

Oinet.kz 28-01-2023 1345

Риддерде үшінші қабаттың балконынан түспек болған әйел екі жасар баласын құлатып алды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Screenshot_2.jpg

Бала түрлі жарақаттар алған. Қазір ауруханада ем қабылдап жатыр, жағдайы ауыр. Оқыс жағдай Риддер қаласында 27 қаңтарда болған. 

"Мас қала тұрғыны жабық пәтерден балкон арқылы шығып кетпек болған, ал баласын қолына ұстаған. Алайда бала үшінші қабаттан құлап кетті", – делінген хабарламада.

Зардап шегушіні аурухананың травматология бөліміне жеткізілген.

«Дін өкілдерінің мүрдесі араласып жатыр»: Іздеушісі жоқ адамдар қайтыс болғанда жерлейтін зират
Таразда жасөспірім қыз құрылысы аяқталмаған ғимараттан секіріп кеткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу