Алматыда 11 жасар ұлын пышақтап өлтіріп, өзіне қол жұмсаған әйел күйеуіне аудиохат қалдырған
Алматы полиция департаментінің қызметкерлері 11 жастағы ұлын өлтіріп, өз-өзіне қол салған әйелдің ісіне қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі KYN.KZ сайтыне сілтеме жасап.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қайғылы оқиға әйелдің психикалық ауытқуынан болған. Күйеуі үйге келгенде 11 жастағы баласы мен бұрынғы әйелінің мәйітін көріп, дереу полицияға хабарлаған.
«1981 жылы туған әйел 2011 жылы туған ұлын бірнеше рет пышақтап өлтірген. Сосын өз-өзіне қол жұмсаған», — деп хабарлады қалалық полиция департаменті.
Әйел бұрынғы күйеуіне аудиохабарлама жазған. Ол аудиохабарламада ішіне жын кіріп, баланы өлтірткенін айтқан.
Ер адамның айтуынша, соңғы кездері бұрынғы жұбайында психикалық ауытқу пайда болған.
Трагедияның мән-жайы тергеу процесінде анықталады. Қазіргі уақытта қылмыстық іске қатысты сараптамалар жүргізіліп жатыр.