Салалық заңдардағы Елбасы туралы 20-дан астам норманың күші жойылады

Oinet.kz 13-01-2023 502

image.png

ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев Парламент палаталарының бірлескен отырысында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңның күшi жойылды деп тану туралы» Конституциялық заң қабылданса, өзге салалық заңдарға қандай өзгеріс енетінін түсіндірді, деп хабаралайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қолданыстағы заңнама нормаларында «ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» Конституциялық заңда туындайтын немесе оған байланысты бірқатар басқа заңдар бар. Осыған байлалынсты бұл заңнамалық актілер қалай болады деген сұрақ туындайды. Ол нормалардың да күшін жою қажет деп есептеймін. Әділет министрлігі осы бағытта қолданыстағы заңнамаға тексеру жүргізді ме? Осындай қанша заң бар және оларды қашанға жоспарланып отыр?», - деп сұрады Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай.

Әділет министрінің айтуынша, бұл мәселе кешенді жұмысты қажет етпек.

«Шынында да біраз заңда Тұңғыш Президент туралы құжатта көзделген біраз өкілеттіктер мен мәртебе туралы нормалар бар. Әртүрлі салалық заңдарда, мысалы, әлеуметтік, білім беру сияқты салалық заңдарда бар. Біз соны анықтап қарадық. 20-дан астам заңда сондай нормалар бар. Бірақ олардың күшін жою – кешенді жұмыс. Оларды анықтап, тиянақты заң шығару тәртібімен қарастыру керек», - деді Азамат Есқараев.

Еске сала кетейік, бүгін палаталардың бірлескен отырысында Елбасы туралы құжаттың күшін жоятын Конституциялық заң қабылданды.

«AMANAT»: Аудандық полиция бастығының қабылдауында мәселелер оң шешілді
Бейбіт халыққа оқ атқызған Бектанов па?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу