Жастар дін ұстанғанмен, діншіл болмау керек

Oinet.kz 24-11-2022 500

Screenshot_9.jpg

Қашаннан бері мұсылмансың дегенге «Әлімсақтан бері мұсылман» деп жауап беретін халқымыз ежелден ислам дінін берік ұстанады.

Жетпіс жыл өзге империяның боданында күн кешіп, дін мен ділге, әдеп-ғұрып, салт-дәстүрге шектеу қойылғанмен, ата-әжелеріміз қараңғы бөлмеде құдайға тәу ете өмір сүрді. Бұл – иманның беріктігі мен құдайға деген махаббаттың белгісі болар.  

Тәуелсіздігімізді алған соң, ұмытылып бара жатқан наным-сенім мен дүниетанымға қайта жан бітіріп, аяққа тұрып келе жатқанымызда, шекарамыздан ағымның түр-түрі өте бастады. Ел ішінде түрлі наным-сенімдегі адамдардың қарасы көбейді. Тіпті, кейбір жылдары толқулар болып, халық арасында хаос басталды. Осы арада «бұлар кімдер, қайдан келді?» деген сұрақтардың қойылуы жиіледі. Теріс ағымның қоғамда кеңінен таралуы – мемлекет үшін басты проблемаға айналды. Бұл жағдай өзеннің теріс аққаны секілді, тура жолдың мыстай майысып, дүниетанымның сынаптай суықтағанын айқын көрсетті. 

Мемлекеттің болашағы – жастар. Жастар өсіп-өнген сайын, мемлекет дамудың жаңа жолын қажет ете бастайды. Осы орайда, жастардың ықпалы әлдеқайда арта түседі. Бірі ғалым, бірі халық қызметшісі болады, ал бірі дінге қызмет ету үшін ілім сүйіп, «Қытайға барып, білім алса да» ізденіс жолында түрлі тәуекелге барады. Қазіргі таңда жастар арасында «діни фанатизм» сәнге айналды. Олар кімнен, кімдерден үгіт-насихат алуда, сауатын қайдан, қалай ашуда, осы сияқты көптеген сауалдар біз бен сізді толғантып жүргені рас. 

Осы мақсатта Шымкент қаласының дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Khadisha Rixos Hotel» конференц-залында «Жастар арасындағы дін мен діншілдік» тақырыппен Республикалық ғылыми-практикалық Форумы өтті. 

Бұл жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Жұмабекұлы Мұқан қатысып, республикалық форумды ресми түрде ашып берді.

Форумға қолдау көрсеткендер: ЖК «Нұрмаш», «Ақ-Ниет» Ақпараттық-насихаттау және оңалту қоғамдық қоры», Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті және т.б.

Форумның мақсаты – жастарды деструктивті діни идеологиялардың ықпалынан сақтау, оның алдын-алу, жастар арасындағы дін мен діншілдік тақырыптарын талқылау. 

Форум барысында, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрілігі Дін істері комитеті төрағасы Нүкежанов Ержан Болатканұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқарма төрағасының орынбасары, наиб мүфти Мырзабаев Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы, «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры Сүгірбаева Гүлжан Дәулетбекқызы, елге белгілі филология ғылымдардың кандидаты, Абайтанушы Темірбеков Омар Жәлелұлы және ҚМДБ «Балаби қари» Құран жаттау орталығының директоры Қуанышбаев Арман Баймаханұлының, «Ақниет» ақпараттық-насихаттау және оңалту орталығы» қоғамдық қорының кеңесшісі Шауметов Алим Фазылжановичтің баяндамалары тыңдалды. 

Форумның соңында жұмыстың қорытындысы анықталып, ары-қарай алдын-алу жұмысы айқындалып, орындалу тәртібі шешілді.

Түркістан облысындағы су қоймаларынан келер қауіп жоқ
Мұрагерлікті қабылдау кезегі және өтініш беру тәртібі туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу