10-сынып оқушысы сабақ үстінде көз жұмды
Оралда 10-сынып оқушысы сабақ үстінде көз жұмды. Қалалық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, оқиға 4 қазан күні Зачаган кентіндегі №10 жалпы орта білім беретін мектепте болған, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.
«2007 жылғы ұл бала сағат 07:45-те мектепке келген. Сынып оқушыларымен бірге сабаққа дейін дәлізге шығып, сөйлескен. Сосын 08:00-де сынып бөлмесіне кірген. Балалардың барлығы орындарына отырып, сабаққа дайындалып жатқан кезде ол отырған жерінде құлаған. Сол мезетте жедел жәрдем шақырылғанымен, жасөспірімді құтқарып қалу мүмкін болмады», - деп хабарлады ведомстводан.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқиғаны растап, жедел жәрдемнің сағат 08:09-да шақырылғанын жеткізді.