Павлодарда жасөспірім 14-қабаттан құлап мерт болды
Павлодар қаласында 15 жастағы жасөспірім терезеден құлап көз жұмды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 25 қыркүйек күнгі сағат 18:00-ден 19:00-ге дейінгі уақыт аралығында болған.
«Павлодар қаласының полициясына 2007 жылы туған кәмелетке толмаған бала 14-қабаттан құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмғандығы туралы хабарлама келіп түсті», - деді департаментте.
Аталған факті бойынша қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.