Министр Сүлейменова Мырзахметовтен әулие ме?
21-06-2023
Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы орман өрті өршуде. Оқиға орнында ІІМ қызметкерлері мен өртсөндірушілер жұмыс жасауда. Өрт сөндіру жұмыстарына Ұлттық ұланның әскери қызметшілері де тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
4 қыркүйек күні Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы Аман Қарағай, Новонежинка ауылдарының маңындағы ормандағы өрт өрши бастағаны туралы ақпарат түсті.
Аталмыш жағдай бойынша елді мекеннің төтенше жағдай департаментімен бірге, жұмыла көмек беруге Ұлттық ұланының Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақановтың шешімімен өрт орнына «Орталық» өңірлік қолбасшылығының Қостанай қаласындағы 6697, Көкшетау қаласының 5510 әскери бөлімдері жұмылдырылды.
Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қостанай облысында ірі табиғи өртті сөндіруге Ұлттық ұланның 400-ге жуық әскери қызметкері мен 32 бірлік әскери техникасы жұмылдырылды. Оның ішінде 6697 әскери бөлімнен 150-ге жуық , ал 5510 әскери бөлімнен 250-ден астам әскери қызметші және 18 бірлік техника бөлінді.
Қазіргі уақытта әскери қызметшілер өрттің одан әрі таралуына жол бермеу үшін өрт ошақтары арасындағы бөлу жолағын жырту бойынша жұмыстар жүргізуде.
Айта кетсек, 2 мың гектар аумақты алып жатқан орман өртін сөндіру үшін Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннен бөлек тағы үш облыстың қызметі Қостанай облысына аттанды. Облыста қалыптасқан жағдайға байланысты көлік қозғалысына шектеу қойылды.