«Әр балаға кемі 100 мың теңге»: Мектеп формасы 30 пайызға қымбаттады

Oinet.kz 05-08-2022 1724

Мектеп формасының құны былтырғымен салыстырғанда 25-30% қымбаттаған, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

Screenshot_2.jpg

Елорда тұрғыны Сәмен Асхат – 3 баланың әкесі. Жылда 2 баланы мектепке дайындап жүрсе, биыл оған кенжесі қосылды, 1 сыныпқа барады. "Мектеп киімдері қымбат" дейді ол.

"Әр балаға кем дегенде 100 мыңдай керек. Киім өте қымбат. 1- сыныпқа баратын ұлымның формасының өзі 40 мыңнан асады. Аяқ киімнің өзін жаңа 20 мың теңгеге алдық. Амал жоқ, аламыз", – дейді Сәмен Асхат.

Қымбатшылықты сатушылар да мойындайды. Тауарды Қырғызстан, Қытай, Түркиядан алдырып келеді, ал отандық өндірістегі мектеп формаларының көтерме бағасының өзі қалтаға ауыр тиетінін айтады.

"Көтерме бағасының өзі 12-13 мың, сосын біз оны қаншадан сатамыз? Ол кішкене қолжетімді баға болу керек қой", – дейді кәсіпкер Сағадат Көмекбаева.

Мектеп формасы былтырғымен салыстырғанда 25-30 процентке қымбаттаған. Қазір базарда белдемшенің (юбка) құны 3,5 мың мен 8 мың теңге аралығында, ақ көйлек 3600 теңгеден 12 мың теңгеге дейін барады. Шалбардың арзаны 4 мыңға бағаланса, сапасы жақсысы 12 мыңнан асып жығылады. Қыздардың сарафан көйлектерінің сапалысы 22 мың теңге, ер балалардың үшеулік костюм-шалбары 25 мың теңге тұрады.

"Ең қымбаты Түркия мен Пекин болып тұр. Бішкек қолжетімді. Бірақ соның өзінде былтырғы бағамен салыстырғанда 25-30 пайызға өскен. Қымбат бағасы", – деп толықтырды Сағадат Көмекбаева.

Күйеуінен мәһрге қаладан пәтер сұраған қалыңдық елді шошытты (видео)
Айнұр Жүгінісова 16 жасар келіні туралы айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу