Ата-анасы жоқ жетім қыз ұзату тойында сыңсу айтып, елді жылатты (видео)

Oinet.kz 03-08-2022 18594

Ата-анасынан айрылған қыз ұзату тойында сыңсу айтып, дүйім жұртты жылатты, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Сaravan.kz-ке сілтеме жасап.

Screenshot_7.jpg

Ұзату тойында айдай сұлу қыздың сыңсуы өте әсерлі де, мағыналы. 

"Көрмесем де әкенің махаббатын,

Сезбесем де ананың шапағатын.

Нәнәшім барлығының орнын басқан,

Өзің болдың, отбасым, қорғанышым.

Нәнәшім жан жүрегім жалғызымсың,

Бар тірегім, қорғаным бір өзіңсің.

Әке менен ананың орнын басқан,

Нәнәшім бір Алланың сыйлығысың.

Сездіріп жылулықтың не екенін,

Көрсеттің бар әлемнің кереметін.

Құрсағыңды жарып мен шықпасам да,

Құрсағыңнан тыс біткен мен екенмін.

Есімнен кетпейтұғын мына сөзің,

Қызысың менің емес, бір әулеттің.

Ұятқа қалдырмағын мына мені,

Атаң менен алаңның сен ізісің.

Нәнәшім, сені ұятқа қалдырмаймын,

Артымнан жаман атты болдырмаймын.

Барған жерім тәрбиеме сөз айтпайтын,

Үлгілі келін деген сөз жинаймын.

Иіліп алғыс айтам мен өзіңе,

Жетпейді мың мақтауым бір сөзіме.

Қызым деп әркез мені мәпелеген,

Ана деп айтқым келед бүгін сізге!

Көзіңнен аққан бір тамшы жасы мен үшін,

Күллі әлемнің мұхитынан да тұңғиық.

Тіліңнен тамған жылы лебізің мен үшін,

Күннің көзінің жылуынан да ып-ыстық", деген сыңсу орындалды.

Тойға жиналған дүйім жұрт көз жастарына ерік берді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қатты тисе де, ащы шындық... (@shyndykz)

Түркістан облысының полицейі Нұрқанат - әлемдік жарыста топ жарып, алтын алды
Күйеуінен мәһрге ерекше нәрсе сұраған келіншек елді таң қалдырды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу