«Ұлымды Украинаға алып кете ме деп қорқамын»: Ресей азаматы украин әйелінің үстінен арызданды

Oinet.kz 19-07-2022 967

Мәскеу облысың 35 жастағы тұрғыны өз әйелінің (ұлты украин) үстінен полицияға арызданы. Отбасылық кикілжіңнің салдары екі ел арасындағы қақтығыс. Арызданушы Сергей Образцовтың айтуы бойынша, украин әйелі үйде де, түзде де антиресейлік көзқарастарын ашық әрі жиі айтады екен. Ол әйелінің бұл позициясы ұлдарының психологиясына кері әсер етуінен қорқатынын айтады, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі mk.ru-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Screenshot_7.jpg

Сергей Образцов құрылысшы болып жұмыс істейді. Мәскеу облысына қарасты ауылдардың бірінде 30 жастағы әйелі Юлия мен 7 жасар ұлымен бірге тұрады. Әйелінің үстінен арыз жазған ол бұл қылығын: 

"Бәрінен бұрын ұлымды Украинаға алып кете ме деп қорқамын. Ол 2016 жылы да ұлымыз небәрі алты айлық кезде солай жасамақ болған. Сол кездің өзінде ұлымды РФ аумағынан шығаруға тыйым салу туралы құжат жасаттым", - дейді ер адам. 

Сергей мен Юлия 2015 жылы отбасын құрған. Украинаның батысында дүниеге келген Юлия жұбайымен Хмельницк облысында танысқан көрінеді. Алғашқыда екеуі үйленген соң, қыздың отбасы еш қарсылық білдірмеген. Алайда уақыт өте келе Украинаға көшіп келуге көндірген көрінеді. Дәл осы себепті Юлия 2016 жылы "Отанымды ұлыма көрсетіп келемін" деген сылтаумен күйеуін алдап Украинаға аттанған. Бірнеше аптадан кейін қайта келемін деп бір жылға жоғалып кеткен. Оралған соң, туыстарының сөзіне еріп, ақымақтық танытқанын айтқан. Бұдан кейін Сергей мен Юлия баз бұрынғыша бақытты күндерді өткерген. Тек Украинада соғыс басталған соң, Юлия түрлі қылық көрсете бастапты. 

"Арнайы операция басталған күні әйелім жылап, айқайлап, жанжал шығарды. Мен сол сәтте-ақ оның туыстарына біздің елге көшіп келуге ұсыныс білдірдім. Кез-келген көмек көрсетуге дайын екенімді айттым. Бірақ Юлия "бұл елге туыстары келмейтінін" айтты. Содан бергі бар ойы - ұлымды алып, Отанына кету. 

Тек 2016 жылы мен жазған тыйым оны тоқтатып отыр. Одан бері ол Украинаға баласыз өзі барып жүрді. Жалпы 24 ақпаннан бері жағдайы дұрыс емес. Үнемі әлеуметтік желіде арандатушылық посттар жазады. Өзімен келіспейтін барлық достарын өшіріп тастайды. Бір кездері жұмысқа баруды да қойды. Кейін қайта оралды. Ол жерде де үнемі сөз сөйлеп жүрді. Ал көктемде учаскеге бір барып келді, үстінен біреу шағым түсіріпті", - дейді Сергей. 

Украинадағы ұрыстың басталғанына 5 айға жуықтады. Осы уақыт ішінде Юлияның түрлі қылығына төзіп келдім деген Сергей ажырасуға арызды жақында беріпті. Айтуынша, 7 жасқа толатын ұлы балабақшада антиресейлік көзқарасын білдірген. 

"Балабақшадағылардың айтуынша, ұлымыз антиресейлік лозунгтер айтып, өзге балалармен таласады екен. Анасының сөздерін қайталайды. Мен жауапты ата-ана ретінде бұған жол бере алмаймын. Балам балабақшаны бітіреді. Биыл дайындық бөлімінен өтті, ал 1 қыркүйекте 1 сыныпқа барады. Ал Юлияның басы істемей кетті. Үйде ғаламторда отырады. Жұмысқа бармайды, балаға да тамақ бермейді", - дейді шағым түсіруші.

Сергей әйелінің жазаланғанын қаламайды. Тек ортақ ұлымыздың психологиясына әсер етпесе екен деген ниетін білдірді. 

"Оның жанында жүру қауіпті", - дейді Сергей. 

Ал Юлияның ата-анасы баласы мен анасын Украинаға алдыруды жоспарлап отыр. 

«Кезекті ерлік» - Түркістанда өртке оранған мекеме шатырындағы көк туды сақтап қалған
Балалар лагерінде 11 жасар бала зорлық көрген
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу