«Беті қансырап кеткен»: Шымкентте қайтыс болған оқушы ісіне байланысты тың деректер шықты

Oinet.kz 13-07-2022 1352

Шымкентте орын алған қайғылы оқиға байланысты тың ақпараттар шықты, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі “Еуразия” арнасына сілтеме жасап.

Screenshot_3.jpg

9-сынып оқушысы Ақару Құралбай демалыс кезінде жылдам тамақтану желілік кафесіне кассир болып орналасады. Алайда ол кафенің еденін де жуған. Бірнеше күн өткен соң-ақ жақындарына жедел ауруханаға жеткізілгені хабарланған.

"Мен алғашында оны ыстық күнде фастфуд жеп, уланып қалған шығар деп ойладым. Келсек, ол мәйітханада жатыр. Жамылғыны ашып қалып едім, бүкіл бетінің қансырап кеткенін көрдім. Құдды бір құлап қалғандай көгеріп қалған", – дейді қаза тапқан қыздың анасы Бибайша Құттыбаева.

Туыстарының сөзінше, мамандардың алдын ала қорытындысы бойынша оқушы қыз электр тоғының соғуынан көз жұмған. Ал сауда орнының қызметкерлері пікір айтудан бас тартқан. Ал туыстары оқиғаның мүлдем басқа нұсқасын айтады.

"Олар Ақарудың жұмысқа жылап келіп, аш қарынға энергетикалық сусын ішкенін, содан кейін жүрегі ауырып, құлап қалғанын айтты", – дейді қыздың туысы Жеңісхан Қалыбай.

Дәл осы сауда орталығында Ақарудың сіңілісі де жұмыс істеген. Ол жұмыс орнындағылардың жоғары ток кернеуі бар екенін айтып, ескерткенін еске алады.

"Пицца дайындайтын орында ток орнының бар екенін айтқан. Алғашында аспазға көмектесемін деп, кейін еденді жуып, шаң-тозаңды сүртетінін айтты. Менің айналысатын жұмысым осы", – деп түсіндірді марқұм қыздың сіңілісі Айару Құралбай.

Қыршын кеткен Ақару Құралбай 15 жаста еді. Полиция тергеу жұмыстарын бастады. Кінәлі анықталса, ол 5 жылға дейін түрме жазасына кесілуі мүмкін. Туыстары тергеудің ашық жүргізілуін талап етіп, кәсіпкерлердің істі жылы жауып тастауынан сескенеді. Қыздың өлімінің нақты себебі бірнеше аптадан кейін белгілі болады. Әзірге асхана орны уақытша жабылған.

Фельдшер жігіт 8 қызды сүйем деп алдап тақырға отырғызған
Елена Рыбакина Алматыға келмейтінін мәлімдеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу