Шымкентте 9-сынып оқушысы жұмыс орнында көз жұмды

Oinet.kz 10-07-2022 1300

Шымкенттегі фаст-фуд әзірлейтін дәмханалардың бірінде мектеп оқушысы қайтыс болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Информбюро жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Screenshot_1.jpg

Туыстарының айтуынша, тоғызыншы сыныпты биыл тәмамдаған Ағару Құралбай ол жерде кассир болып жұмыс істеген екен.

Жақындары, алғашында суыт хабарды жеткізгендер оқушыны электр тогы ұрғанын айтқан еді дейді. Жедел жәрдемді де сол уәжбен шақыртқан. Бірақ Ағарудан айырылып қалған жақындары бұл орында техникалық қауіпсіздік сақталмаған дейді.

Қазір аталған жәйт бойынша Қаратау полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. Оқушының неден қайтыс болғанын анықтау үшін арнайы сараптама тағайындалыпты. Қазір фаст-фуд әзірлейтін орын уақытша жұмысын тоқтатқан.

Өмірзақ Шөкеев: «Turkistan» телеарнасын халықаралық деңгейге көтеруіміз керек»
«Басымды жарып ала жаздадым» - Талдықорған пандустарын сынақтан өткізген шенеунік құлады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу