Полицейлер «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын жүргізуде
Түркістан облысының полицейлері 13-17 маусым күндер аралығында «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде. Шараның мақсаты – мемлекетке айыппұл берешегі бар және салық төлемдерді төлемеген азаматтарды, сондай-ақ көлік жүргізушілерін тексеру, оларға ескерту жұмыстарын жүргізу.
Аталған іс-шара кезінде Кентау қалалық полиция қызметкерлері алғашқы тәулікте 2 құқық бұзушылық ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы «Құжаттары және басқару құқығы жоқ адамның көлік құралын басқаруы» бойынша тіркеп, көлікті айып тұраққа қойды. 25 көлік жүргізушіге айыппұл төлеу керектігі ескертілді. Мәжбүрлеп өндіру үшін 50 қаулы, 2 жеке тұлғаның жұмыс орындарына және жеке сот орындаушыларға жолданды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға егер де әкімшілік құқықбұзушылық жасап, хаттама толтырған жағдайда оны 7 тәулік ішінде төлесеңіз 50% жеңілдікпен төлеуге мүмкіндік барын ескертеді. Және де айыппұл төленбеген жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулы шығарып, 100% төлеу міндеттеледі. Қаулы шыққан күннен бастап, 30 күн ішінде айыппұл ерікті түрде төленбеген жағдайда мәжбүрлеп өндіру үшін жұмыс орындары мен сот орындаушыларға жолданатындығын хабарлайды. Сондықтан жүргізушілер, жолда абай болып, қауіпсіздік шараларын сақтап жүріңіздер.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі