Еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауымды жасадым
Бүгінгі өтіп жатқан конституциялық референдум тұтас мемлекеттің, бүкіл ұлтымыздың болашағына әсер ететін, жарқын келешектің іргетасын қалайтын аса маңызды күн. Өйткені қоғам арасында күрмеуі шешілмей жатқан күрделі мәселелер көбейіп кетті. Сол себепті Президент сөзден іске көшіп, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын алға қоя отырып, осындай маңызды шешім қабылдады.
Ел Президенті заң алдында бәрі тең болсын деп, келешек үшін өте маңызды қадам жасады. Саяси трансформация барлық адамның мүддесі үшін қажет. Ал, адам өзінің заңда көрсетілген құқықтарын қалай пайдаланады, ол оның ынтасы мен белсенділігіне байланысты.
Тәуелсіздігіміздің саяси тарихында тұңғыш рет конституциялық өзгерістер халықтың тікелей қатысуымен қабылдануда. Түсіндіру жұмыстары кезінде халыққа саяси реформа мен референдум жайында толыққанды, жан-жақты ақпарат берілді. Ендігі кезекте, азаматтарымыз өздері дұрыс шешім қабылдауы керек.
Бүгінгі таңда еліміз үлкен өзгерістер алдында тұр. Еліміздің болашаққа өзгерісі осы референдумға байланысты. Мен бүгін Темірлан елді мекеніндегі №456 референдумға дауыс беру учаскесінде дауыс беріп, еліміздің жарқын болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Себебі референдум – бүгінгі Қазақстанның ғана емес, келешек ұрпақтың тағдырына да тікелей әсер ететін маңызды сәт.
Әлиасқар Бердімұрат,
«AMANAT» партиясы Ордабасы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы
#Референдум2022 #ReferendumAMANAT