Күйеуге шығып сәлем салсам тектілігім бұзылады - көріпкел-емші

Oinet.kz 24-05-2022 1945

27 жастағы Фатима Қабыл емшілік, әлде көріпкелдік жолға түскен. Ол күйеуге шығып, бала сүюден бас тартқанын айтады. Себебі, марқұм аталары солай деп бұйрық берген екен. 

Screenshot_7.jpg

Бұл туралы “Көреміз” бағдарламасында айтылды. 

Алматылық Бақыт Қабыл қызының 5 жыл бойы ауырғанын, алайда медицина таппаған ауруды тылсым дүниеден тапқанан айтады. Ал қызы Фатима емшілік я көріпкелдік жолға түсіп, ауруынан айыққанын айтады. 

“Қызым денесі тартылып ауырды. Бірақ не екенін таппадық. Медицина таппады. Қаралмаған жеріміз жоқ. Нақты диагнозын білмеді. Содан ауылдың бас дәрігері айтты, "біз көмектесе алмаймыз" деп. Халық медицинасына жүгініп көріңіздер деді. Мықты деген емшілерге бардық. Бірақ олар Фатимаға күшіміз жетпейді деді. Солай өз аталарымыздың басына зиратқа бардық. Сонда Фатима қайтыс болған аталарымызды көргенін айтты”, – деді ол. 

Ал Фатиманың өзі адамдарды қабылдап, ем жасап жүр. Тұрмысқа шықпауының себебін былай түсіндірді. 

“Аталарымнан рұқсат сұрадым. Күйеуге шығып, бала сүйгім келеді дедім. Бірақ маған қарсы болды. Тектілікті сақтауың керек деді. Мәселен, мен тұрмысқа шықсам, сол адаммен қаным араласады. Бала өмірге әкелемін. Қан бұзылады. Одан қайын жұртыма сәлем саламын. Өз атамның тегін бұзамын. Сол үшін маған өз аталарымның тегі маңызды болып тұр. Тектілікті сақтап қалу үшін өмір  бойы тұрмыс құрмаймын деп уәде еттім”, – деді емші. 

«Келін алдым»: Уәлибек Әбдірайымов ұлын үйлендірді
«Үлкен қызым сол үшін араласпай кетті»: Абай Бегей жасырын үйленгенін айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу