«Тоқсанға келсе де қоймайды»: Қартайған енем әбден шаршатты

Oinet.kz 05-04-2022 14678

«Біздің енемізді көрген кісілер «ойбай-ау, қартайған кездегісі мынау болса, жас күнінде қандай еді» деп таңғалады. Олай ететін жөні бар. Себебі енем қартайса да отбасымызды ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайды. Өзім де келін түсіріп, жиырмашақты немеренің әжесі болсам да, енемнің уысынан шыға алмай отырмын». Түркістан облысына қарасты ауылдардың бірінде тұратын Шырай апа ERNUR.KZ тілшісіне осылай деп мұңын шақты. 

Screenshot_9.jpg

«Мен cоншалықты жуас адаммын ба, әлде бала күнімде ата-анамыз «үлкен кісінің ақылын тыңда, сөзін бөлме, жолын кеспе» деп әбден құлағымызға сіңіріп қойды ма, әлі күнге дейін енемнің көңіліне қарап, бір ауыз артық сөз айтпаймын. Кейде осы тірлігім үшін өзімді іштей мүжіп, жеп қоямын. Бірақ енді қолдан не келеді, төрінен көрі жақын кемпір ғой деп үндемеймін. 

Енем жастайынан жесір қалған, бес баланы жалғыз өзі асырап-баққан адуынды әйел болған. Мен үлкен келін болып түстім. Келген күннен жылы қабақ танытпады. Әбден жоқшылықта өмір сүрген соң ба, сары май, құрт, кәмпит, күлше сияқты таңсық астарды сандығында сақтайтын. Бір бөлмесі бар, соның есігіне құлып салып қояды. Оны тек өз қыздары келгенде, төркіні келгенде ашып, дастарханға шығарады. Қалған уақытта қант пен наннан басқа түк жемейміз. Ет пен майға тойып өскен мен үшін бұл нағыз тозақтың өзі еді. Балаларым өскенде де «жүгермектер, бұларға берсең бәрін жеп қояды» деп күлшені санап беретін. Күнделікті тамаққа қосатын етті де өзі әлгі бөлмесіне кіріп, бір кесімін береді. Одан артығын көрмейміз. Қонақ келіп, ет асар болсақ, келіндердің табағына тек қана қойдың тұяғын, ішек-қарын салып беретін. 

Қазір де солай. Аяқ-қолы сау, тілі әлі удай ащы. Мен түгілі, менің келіндерімді басқарып отыр. Бәріміз соның айтқанымен жүреміз. «Қандай тамақ істейін?» деп сұраймын. Екі күннің бірінде кеспе көже істетеді. Кеспесін қолмен кеспесек бүкіл ағайын-туғанға «Мына қатындар әбден есіріп кеткен, бір түйір қамырды кесуге де ерінеді» деп жамандап шыға келеді. 

Қолымызда кіші бала мен келін тұрады. Мені қойшы, елу жылдан бері үйреніп қалдым. Жаңа түскен келіннен обал болып жүр. Түртпектей береді. «Біздің кезімізде...» деп әңгімесін бастайды да, әр тірлігіне мін тағып отырады. «Мына келін етті көп қосыпты, әкеңнің мыңғырған малы бар ма еді, үнемдемейсің бе» деп күніне бір сөйлемесе тыншымайды. Ұйытып қойған айрандарымызды бес литрлік желім ыдысқа құя береді, құя береді, быжып кетсе де соны жинайды. Жиналған соң кенже қызын қаладан шақыртады да, соған беріп жібереді. «Апа, ашып кеткен айранды не істейді?» десек, құрт қылып жейді екен. Келінім де әбден ығыр болған сияқты. «Апа, әжемнің мінезі неге ондай?» деп күйіп-піседі. Ондайда «қоя бер, қартайған кемпір ғой, үндемей жеңесің» деп жұбатып қоямын. Бірақ қартайдым деп отырған кемпір жоқ... 

Енемнің көзімізді ала бере бөлмемізді аралап, ақтарып шығатын әдеті бар. Ол кісіге көрсетпей орамал, көйлек алсақ, бітті, ол күні үй азан-қазан болады. «Жинағандарың дамбал-көйлек, шүберекке теңге жаратып, баламның тапқанын үстеріңе жапсырып жүре беріңдер...» деп бастайды. 

Құдай өзі кешірсін, кейде «осы кемпір қашан өледі екен» деп ойлап қаламын. Сол кісі кетсе тынысым кеңейіп сала беретін сияқты...»

Дулат Исабековтың отбасы қара жамылды
Вице-премьер қай сала қызметкерлерінің жалақысы артатынын айтты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу