Гүлзира Айдарбекова мен Жұлдыз Әбдікәрімова татуласты

Oinet.kz 29-03-2022 6295

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдікәрімова қайын інісі Заңғар Нұртастың үйлену тойына арнайы келіп қатысты. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

Screenshot_24.jpg

Той барысында Жұлдыз Әбдікәрімова енесі Гүлзира Айдарбековамен бірге фотоға түсіп, оған жүрекжарды лебізін білдірді. 

"Немерелеріңіздің ортасында аман-есен жүріп, шөбере-шөпшек сүюді жазсын" - деп жазды. Осылайша Жұлдыз Әбдікәрімова енесімен татуласып, осы уақытқа айтылып келе жатқан түрлі сыпсың сөздерге нүктесін қойды. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова келіні немерелерін көрсетпей қойғанын тұспалдап, Жұлдызға деген өкпесін жеткізген болатын.

Түркістан: Қоғамдық кеңестің құрамы толықтырылып, жаңа төраға сайланды
Енесімен татуласқан Жұлдыз Әбдікәрімова абысындарымен дастарқанда бас қосты
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу