Назарбаев кезінде Ұлттық банкты басқарған Ақышевті қызметінен босатты
Данияр Ақышев қызметінен кетті. Бұл туралы elbasy.kz жазды.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Шешімімен Данияр Талғатұлы Ақышев Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының көмекшісі қызметінен босатылды»,— делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Ақышев бұл қызметке 2019 жылдың сәуір айында тағайындалған еді. Оған дейін ол Ұлттық банктің төрағасы болды.