Айгүл Иманбаева 45 жасын Алматы төрінде дүркіретіп атап өтті (фото)
Қазақстандық танымал әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева 45 жасқа толып, туған күнін Алматыда дүркіретіп атап өтті. Дүбірлі тойға әртістің жақын туыстары мен өнердегі әріптес достары қатысқан.
Айгүл Иманбаева жаңа жасын Алматының қымбат мейрамханаларының бірінде атап өткен.
Шоу-бизнес жұлдызының қуанышына Дулат Исабеков, Асанәлі Әшімов, Тұңғышбай Жаманқұлов, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, "Дос-Мұқасан" тобы, Алтынбек Қоразбаев, Толқын Забирова, "Музарт" тобы, Нұрболат Абдуллин, Жанар Айжанова, Жұлдыз Әбдікәрімова, Сейфуллин Жолбарыс, Арман Дүйсенов, Мөлдір Мұқанова және тағы да басқа көптеген өнер өкілі ортақтасты.
Халық әртісі Мақпал Жүнісова Айгүл Иманбаеваның туған күнінде өнер көрсетіп, оған күмістен жасалған жиынтық табыс еткен. Сондай-ақ, думанды тойға күні кеше кенже ұлын үйлендірген Нұртас және Гүлзира Айдарбековтер келді.
Той қонақтар желіде түрлі сурет пен видеоларын жарыса бөлісуде. Сондай-ақ, әншінің туған күнінде ортаға үлкен торт алып шыққан. Мерекелік тәттіні аспаздар Ақтөбеден арнайы келіп дайындағаны және оның осы тойға сыйлық екені айтылды.