Рекордын әлі ешкім бұзбаған әкім

Oinet.kz 18-03-2022 2544

Screenshot_1.jpg

Құрметті достарым менің Қазақ еліміздің белгілі тұлғаларына мақала арнап жүретінімді өздеріңіз білесіздер. 

Мен бүгінгі мақаламның басты кейіпкері БЕРДІБЕК МАШБЕКҰЛЫ САПАРБАЕВ. 

2000 жылы Қызылорда облысынан Оңтүстік Қазақстан облысына әкім болып келді. Ең басты мәселе электр энергиясы және газ болатын. Жылу мәселесі де түйіткілді еді. Қалада электр энергиясы жоқтың қасы еді. Осы мәселенің барлығын жік-жігімен шешті. 

Одан ары Шығыс Қазақстанға жол тартты. Ол жақта аяғына боти киіп алып көктемде су басқан елді мекендерді аралап қайықпен жүзіп жүрді. Шығыстың ауа райын білесіздер қандай қаһарлы, алайда Бердібек Машбекұлы жылы кәбинетте отырған жоқ. Шығыстан Президент ауыстырмақшы болған кездің өзінде халқы шулап жүріп алып қалды. Президент екінші рет келіп өзіне үкіметте керек екенін айтып өсіремін деп Үкімет басшысына орынбасар етті. 

Ақтөбеде қытайлық мұнай өндіруші компаниялармен қырық пышақ болып қазақтың тілін құрметтеуді талап етті. Ақтөбелік мұнайшылардың заңды құқығын талап етіп қалыпты деңгейге жеткізді. 

Одан мына қазіргі басқарып отырған Жамбыл облысындағы Дүнген мен Қазақ арасындағы ұлтараздық қақтығысты басу үшін Президент Қасым- Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың өзі арнайы облысқа басшы етіп тағайындады. Ол қақтығыстыда шашау шығармай шеше білді.

Сонымен Бердібек ағамыз бесінші облысын басқарып отыр екен. 

Арасында өмірі мәселесі бітпейтін әлеуметтік министр екі рет болды. Ол министрлікке де тек даудан кейін жіберетін Президент.

Қарап отырсаң қай облыста түйіткілді мәселе шығады, сол облысқа Бердібек Сапарбаев ағамызды жібереді екен. 

Ал мына Қазақ елінде әлі бір де бір Республикалық деңгейдегі мемлекеттік шенеуліктердің ешқайсысы БЕС облысқа әкім болған жоқ. 

Өткенде жетпіске қарай қадам басса да Бердібек Машбекұлы белін бекем буып халыққа қызмет жасап келе жатыр, оның себебі зейнет жасында болса да Бердібек Машбекұлының Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатарында болуын қалағаны себепті шығар. 

 Құрметті әкім қаралар осы РЕКОРДТЫ бұзып көріңіздер.

Әй қайдам бұл рекорд ондаған жылдар тұрса керекті. 

Мүмкін ізбасары жас әкім Жылқыбаев Ержан Жұматұлы рекордтты бұзып қалар. Қарымы жаман емес Тараз қаласын жап жақсы басқарып отыр. 

Ісіңізге сәттілік мына кең байтақ Қазақ елінің төрі мен тарихынан мәңгілік ойып тұрып орын алатын, нар тұлы азамат  БЕРДІБЕК МАШБЕКҰЛЫ.

Нұрлыбек Сұлтанхановтың Facebook парақшасынан

Айгүл Иманбаева 45 жасын Алматы төрінде дүркіретіп атап өтті (фото)
Қазақстанда оннан аса порностудия ашқан қылмыстық топ әшкереленді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу