«Жолдаудың жеті кемшілігі»

Oinet.kz 16-03-2022 7560

Screenshot_3.jpg

Жолдаудың жеті кемшілігі: 

1. Тергеп-тексеру істері аяқталмастан, қанды қаңтарға негативті баға берілді немесе көтерілісті халықтың талабы деп емес, кланаралық қақтығыс, лаңкестік шабуыл ретінде бағалауға тырысты. Шетелден 20 мың террористтің келмегені, сондықтан ОДКБ әскерін шақыртудың қате шешім болғаны жайлы айтуға батылы жетпеді. Полициядан жазықсыз жапа шеккендердің шағымы құлағына жетпегендей түр танытты; 

2. Елдің әлеуметтік-экономикалық проблемасына мүлдем көңіл бөлінбеді. Жастарды жұмыспен қамту, көпбалалы аналар мен жұмыссыз жастардың жағдайын шешу, баспанамен қамту мәселесі ескерілмеді;

3. Әлеуметтік қорғалмаған жандар үшін кредиттік амнистия жариялау, валюта бағамы, банктер мен коллекторлық кеңселер, жеке сот орындаушыларының шектен шыққан озбырлығы туралы ләм-мим демеді. Айлық-жалақы, зейнеткерлер мен көпбалалы отбасылардың жәрдемақысын индексациялау мәселесі де ұмыт қалды; 

4. Экономиканың қозғаушы күші – жаңа өндіріс орындарын ашу, ауылшаруашылығы өнімдерін арттыру, ол үшін үкімет жасайтын преференциялар, нақты қолдау, кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие, оңтайландырылған лизинг беру, ауылшаруашылығына арналған жерлерді жалпыға қолжетімді ету туралы айтылмады;

5. Шекаралық аймақтар мен солтүстіктегі халық санын көбейту, көшіп барғандардың әлеуметтік мәселесі, қаражат-білім алу, мамандықтарға оқыту, шетелдегі қандастарды көшіру, заңсыз иммигранттар ағынына тосқауыл қою туралы да түк естімедік;

6. Саяси турбуленттік жағдайдағы Қазақстанның сыртқы қауіпсіздігі, мемлекеттік тілді одан әрі дамыту, заманауи әскери техникалар мен кадрлар дайындау мәселесі, ұрланған миллиардтар мен оларды елге қайтару, мемлекет қаржысын ұрлау – Отанға сатқындықпен теңестірілетіні жайлы да естігіміз келген; 

7. Жетіншісін сіз айтыңыз...

Тоқтар Жақаштың Facebook парақшасынан

«Қазақстаннан жаңа үш облыс құрудың қажеті жоқ еді»
Мектеп оқушысы еден жуушы әйелді менсінбей, намысына тиген (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу