Жылды «жүрек жылуы» қайырымдылық кешімен қортындылады

Oinet.kz 30-12-2021 1049

Screenshot_10.jpg

Биылғы жылғы қортынды концерт әдеттегідей сахна жұлдыздарының емес, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өнерін тамашалап, салмақты да сырлы ойлардың айтылуы кешті ерекше етті. 

«Жүрек жылуы» тақырыбымен өткен қайырымдылық іс-шарасына  қаламыздың қайырымды жандары, көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар және мәдениет саласында еңбегі сіңген нар тұлғалар мен орталық мешіттің бас имамы қатысты.

Арнайы сөз алған мешіт имамы мен мәдениет саласына зор үлес қосып жүрген Айдарбекова Күлия Смайлханқызы ыстық ықыластырын толқыныспен жеткізді.

Кешке арнайы шақыртылған  қонақтар арасында орталықтың іс-шарасына үнемі жанашырлық көрсетіп, жаңалық жаршылары болып жүрген Бейсенкүл Нарымбетова және Зауре Оралбаева да бар. 

Сондай-ақ, кештің жоғары деңгейде өтуіне «Шұғылалы таң» қайырымдылық қорының төрағасы Орманова Дана ханым қолдау көрсетсе,  «Жібек» ЖШС, «Эко-Фарм» ЖШС, «Рахат» ЖШС, «Камалова» ЖШС, «Маралым»ЖК, «Мизам» халал кафесі, «Санжар» ЖШС, «Пионер» ЖШС, «Айжамал» тәттілері, «Айсәуле» косметикалық өнімдері, «Aizere kids» балалар киім дүкені сынды қаламыздың белді сауда белгілері  іс-шараға демеушілік жасады.  

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің нышаны
Бәйдібек би-Арғынбеков көшесі қиылысында үш деңгейлі жолайрық салынады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу