Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздігіміздің нышаны

Oinet.kz 30-12-2021 1133

Screenshot_9.jpg

2019 жылдың 13 қазанында Алматы қаласындағы "Медеу" биік таулы спорт кешенінің аумағында "Nur Otan" партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбектің қатысуымен мемлекеттік Туды көтеру салтанатты рәсімі өткен болатын.

Содан «Менің Туым, менің Отаным!» атты патриоттық акциясы елдің барлық өңірлерінде іске асырылды. Қаламыздағы 200-ге жуық нысандарда, ЖОО мен орта арнаулы және мектептерде, үлкен сауда орталықтары мен туристік  және қоғамдық орындарында Көк Туымызды салтанатты түрде ілініп, партия филиалы осы патриоттық акцияға белсене қатысты.

«Серпіліс» қоғамдық қорының бастауымен Республика деңгейінде «КӨК ТУДЫҢ ЖЕЛБІРЕГЕНІ» эстафетасы зор маңызға ие болды. Көк байрағымыз тек Қазақстанда емес, шет елдерде желбіреді. Аталмыш акцияны қорытындылау мақсатында «Тәуелсіздікпен диалог» атты іс-шарасында эстафетаны қолдаған белсенділер марапатталды. 

Марапат иелеріне «Серпіліс» қоғамдық қорының волонтерлері, жас кәсіпкерлер Ұлан, Нарұл Шәмректердің демеушілігімен Көк Ту мен ерекше қорапшасы сыйға табысталды. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, кәсіпкер Исқақов Талғат Жүнісбекұлы елімізге белгілі 4 айтыскер ақынды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтап, арнайы сый-сияпат тапсырды. 

Мемлекеттік Туымыздың маңыздылығын атап өтудің мақсаты – мемлекеттік туды насихаттау және қазақстандық жастар арасында патриотизмге тәрбиелеу, қазақстандықтардың Мемлекеттік Туға деген терең құрмет сезімін қалыптастыру.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

Еңбекші ауданы "Үздік аудан" номинациясын жеңіп алды
Жылды «жүрек жылуы» қайырымдылық кешімен қортындылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу