«Алатаудай арқасүйер ағам бар»: Болат Назарбаев Елбасыға арнап ән шығарды (видео)

Oinet.kz 02-12-2021 1284

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев ағасына арнап ән жаздырды. Бұл туралы халық әртісі Мақпал Жүнісова өзінің Instagram парақшасында хабарлап, аталған әннің видеосын жария етті, деп хабарлайды Oinet.kz.

image.png

Кеше, 1 желтоқсанда еліміз Қазақстанның Тұңғыш президенті күнін атап өтті. Бұл мереке қарсаңында Елбасының інісі ағасына арнайы ән жаздырды. 

"Аға, сенсің Алатауым" деп аталатын әннің видеосын халық әртісі Мақпал Жүнісова өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жария еткен. Видеоға назар салсақ, онда Елбасының отбасылық суреттері мен жас күніндегі фотоархивтері көрсетілген. Осы ән арқылы ол ағасына деген құрметін, сүйіспеншілігін жеткізгісі келген.

- "Ағасына інісі арнайы ән жаздыртып айтқаны өте жарасымды, бүгін мереке екенін ұмытып кетіппіз жолда жүргесін. Тұңғыштың аты тұңғыш әрине. Бұл да - тарих, ел іргесі бүтін болып, ешқашан соғыс болмасыншы деп тілеймін", - деп жазған Мақпал Жүнісова. 

Оның бұл видеосына желідегі оқырмандары да пікірлерін қалдырып, жылы лебіздерін білдірді.

- "Иә, ел іргесі аман - тыныштық заман бола берсін", "Әмин, тек тыныштық болып, еліміз аман болсын", "Жылап қалдым ғой", - деп жазды олар. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Танымал жазушы: «Шыңғысханның тегі – Адай» (видео)
Отырыста бір-бірінің ернінен сүйген актер жігіттер оқиға қалай болғанын айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу