Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай 30 планшет тарту етілді

Oinet.kz 25-11-2021 911

Screenshot_1.jpg

Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы мен «Хуавей Технолоджиз Казахстан» ЖШС бірлесіп киелі шаһарда қайырымдылық акциясын өткізді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қарсаңында Түркістан қаласының мектеп оқушыларына 30 планшет құрылғысын тарту етті. Акция жасөспірім балаларды қолдау мақсатында жүзеге асты.

Игі шараға компанияның директоры Со Тяньбао, Негізгі клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі менеджері Асқар Мажибаев, Мемлекеттік органдармен жұмыс жүргізу жөніндегі директоры Андрей Желтиков, Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының қызметкерлері мен Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Елнұр Өтебаев қатысты.

Жиын барысында Республика бойынша 5G технологиясы алғаш рет Түркістан қаласында іске қосылғаны айтылып, мүмкіндіктері талқыланды. 5G желісі бұған дейін Қазақстанның Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында тестілеу негізінде қосылған болатын. Қазақстанның сұранысын қанағаттандырып, әріптестікте жұмыс жүргізіп жатқан әлемдік көшбасшы компаниялардың бірі – Huawei. 

Басқарма басшысы Елнұр Өтебаев: “Хуавей компаниясының өкілдеріне біздің бастаманы қолдағандарыңыз және Түркістанның гүлденуіне атсалысып жатқандарыңыз үшін алғыс білдіремін. Қазақстан Республикасының 30 жылдығы қарсаңында яғни 16 желтоқсанға дейін Түркістан қаласында 9 орында 5G базалық станциясы орнатылады. 5G желісінің жылдамдығы - 448,55 mbps. Бүгінде “Rixos Turkistan” қонақүйінің аймағында іске қосылған. Енді аэропорт, Қ.А.Ясауи кесенесі, Керуен сарай кешені, Экобазар, Жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы секілді туристер көп шоғырланатын аймақтарда орнату үшін жұмыс жүргізудеміз. Арнайы Sim-карталар дайындалады. Хабарлайтын боламыз” - деді.

“Қазақтелеком” АҚ 5G базалық станцияларын Хуавей компаниясының шешімімен жүзеге асыруда. Түркістан облысының әкімдігі аталған компаниялармен интернет желісінің сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарын жандандырады.

Қазақстанда байлық салығы енгізілуі мүмкін
Бас мүфти: «Қара жұма» сөзін «жомарт жұма» деп өзгертуге шақырамын»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу