Қазақстанда коронавирус жұқтырушылар саны 955 мыңнан асты
Денсаулық сақтау министрлігі 12 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың қысқаша статистикасын жариялады. Кешегі дерекпен салыстырғанда елімізде КВИ жұқтырғандар саны аздап төмендеді. Алайда, төмендеу үрдісі еліміздің барлық өңірлерінде тіркелген жоқ. Мысалы, Алматы қаласында, Солтүстік Қазақстан облысында, Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында коронавирус жұқтырғандар санының артуы байқалады, деп хабарлайды Oinet.kz.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 1 220 жағдай тіркелді.
Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 103,
Алматы қаласында - 149,
Шымкент қаласында – 31,
Ақмола облысында – 88,
Ақтөбе облысында - 22,
Алматы облысында - 66,
Атырау облысында - 27,
Шығыс Қазақстан облысында - 88,
Жамбыл облысында - 14,
Батыс Қазақстан облысында -36,
Қарағанды облысында - 110,
Қостанай облысында - 118,
Қызылорда облысында - 31,
Маңғыстау облысында - 13,
Павлодар облысында - 134,
Солтүстік Қазақстан облысында - 169,
Түркістан облысында - 21.
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың жалпы саны 955 366-ға жетті.
Қазақстанда бір тәулікте 2 365 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:
Нұр-Сұлтан қаласында - 175,
Алматы қаласында - 188,
Шымкент қаласында - 35,
Ақмола облысында - 133,
Ақтөбе облысында - 41,
Алматы облысында - 46,
Атырау облысында - 44,
Шығыс Қазақстан облысында - 364,
Жамбыл облысында – 15,
Батыс Қазақстан облысында - 420,
Қарағанды облысында - 137,
Қостанай облысында - 312,
Қызылорда облысында - 24,
Маңғыстау облысында - 4,
Павлодар облысында - 254,
Солтүстік Қазақстан облысында - 131,
Түркістан облысында - 42.
Елімізде барлығы 912 611 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.